Ресей Одесса облысына зымыранмен шабуыл жасады. Алты адам қаза тауып, сегізі жарақат алды. Зымыран соққысы порт инфрақұрылымына тиді. Панама жалауы ілінген Shui Spirit контейнер кемесі зақымданған. Бұл соңғы төрт күнде ресейлік армияның шабуылына ұшыраған үшінші шетелдік кеме, деп атап өтті Украинаның қауымдастықтар мен аумақтарды дамыту министрі Алексей Кулеба,.