Ресей парламентшілері рұқсатсыз шетелге шыққаны үшін мандаттарынан айырылады. Аталмыш заң Ресейде күшіне енді; енді депутаттар мен сенаторлар шетелге сапарларын парламент палаталарының басшылығымен келісу керек. Шетелге рұқсатсыз шығу мандаттың мерзімінен бұрын жойылуына әкеледі. Жаңа заң Ресейдің Украинаға жалғасып жатқан әскери шабуылы аясында қабылданды.