Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы Еуропалық Одаққа 2022 жылдың 24 ақпанынан бері алғаш рет келеді. Сергей Лавров желтоқсан айында ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысу үшін Мальтаға барады, деп хабарлады Ресей дипломатиялық қызметінің өкілі Мария Захарова. Бұл Лавровтың Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы басталғаннан кейін Еуроодақ мемлекетіне бірінші сапары, деп жазады «Ведомости» газеті.