Ресей Федерациясының соты Александр Невзоров пен оның әйелін «экстремистік бірлестік» деп таныды. Прокуратураның талап арызын Санкт-Петербургтің Октябрь аудандық соты қанағаттандырды. Ресейде Александр мен Лидия Невзоровтардың қызметіне тыйым салынды, деп жазады ТАСС.