Ресейде Ленинград әскери округі қолбасшысының орынбасары ұсталды. Генерал-майор Валерий Муминжановқа қатысты сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті. РФ Қорғаныс министрлігінің ресурстық қамтамасыз ету департаментін басқарған Муминджанов 1,5 миллиард рубльге нысанды киім жеткізуге келісімшарттар жасасуға ықпал еткен, ол үшін 20 миллион рубльден астам пара алған.