Ресейде YouTube жүктеу жылдамдығы 70%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның Ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің басшысы Александр Хинштейн өзінің Telegram-каналында жазды. Оның айтуынша, жақын күндері стационарлық компьютерлерде YouTube-ті жүктеу жылдамдығы 40%-ға, ал келесі аптаның соңына қарай – 70%-ға төмендеуі мүмкін, бұл шара әзірге ұялы байланысқа әсер етпейді.