Ресейдегі КХДР әскерилері Теңіз корпусы мен Әуе десанты күштеріне тағайындалды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің (NIS) баяндамасында айтылған. Оның бағалауы бойынша, жалпы саны 11 мыңға жуық Солтүстік Корея әскері «Ресейдің солтүстік-шығысындағы жергілікті жағдайларға бейімделу жаттығуларын аяқтағаннан кейін» Курск облысына жіберілді.