Ресей Федерациясынан мұнай экспорты 19 айда қатты төмендеді. Ресейлік Urals шикі мұнайының теңіздегі экспорты 2022 жылдың желтоқсан айынан бері ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Bloomberg. Шілдеде Приморск, Усть-Луга және Новороссийск порттарынан мұнай экспорты тәулігіне 1,8 миллион баррельге дерлік төмендеді. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 2,2 миллион баррель болған.