Франция жақын арада Украина қарулы күштеріне әскери кадрларды дайындауға көмектесу үшін өз нұсқаушыларын жіберуі мүмкін, деп хабарлады дипломатиялық ортадағы үш дереккөзге сілтеме жасаған Reuters. Олардың айтуынша, Париж мұндай қадам Ресеймен тікелей қақтығысқа алып келуі мүмкін деген қауіпке қарамастан, Украинаға өз мамандарын жіберетін елдер коалициясын құрып, оған жетекшілік етуге үміттенеді.