Мәскеу мұнай өңдеу зауыты украиндық ұшқышсыз шабуылдан кейін жұмысын ішінара тоқтатты. «Газпром мұнай» компаниясына тиесілі Мәскеу мұнай өңдеу зауыты 5-6 күннен кейін жұмысын қайта бастайды, деп жазады Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Айтуынша, кәсіпорындағы мұнай өңдеудің 50 пайызын құрайтын «Еуро+» қондырғысы уақытша жұмыс істемеді. Мұнай өңдеу зауытының зақымдануы оның қуаттылығына қаншалықты әсер ететіні белгісіз.