Ресей Федерациясы АҚШ пен Канадаға ұшатын ұшақтарда жарылыс жасамақ болды деген күдікке ілінді. Шілде айында Германияның Лейпциг және Англияның Бирмингем қалаларындағы DHL қоймаларында өртенген екі құрылғының Солтүстік Америкаға жөнелтілуін ресейлік агенттер ұйымдастырған. Бұл туралы Батыстың барлау агенттіктеріндегі дереккөздерге сілтеме жасаған Wall Street Journal басылымы жазады.