Ресей шахмат федерациясы 2 жыл мерзімге Халықаралық шахмат федерациясының мүшелігінен айырылды. Бұл шешімді ФИДЕ Этика комиссиясы Украина шахмат федерациясының аннексияланған Қырымдағы ресейлік құрылымның «белсенді қызметі» туралы шағымы негізінде қабылдады.