Ресей қорғаныс министрлігінің әскери құрылыс компаниясының бас директоры ұсталды. Андрей Белков мемлекеттік қорғаныс тапсырмаларын орындау кезінде қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп жазады «Коммерсант» құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап. Тергеушілердің айтуынша, 2019 жылы ол кезде Арнайы нысандардың Бас әскери құрылыс басқармасын басқарған Белков мемлекеттік томографты қымбатқа сатып алуды ұйымдастырған.