Румыниялық депутаттар Patriot әуе қорғаныс жүйесін Украинаға беруді мақұлдады. Бухарест парламентінің төменгі палатасы Украинаға «Патриот» зенит-зымыран кешенін сыйға тартуға рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Бір күн бұрын бұл жабдықтауды Румыния үкіметі мақұлдаған. Енді "Патриот" қондырғысын Киевке беру туралы заңға ел президенті Клаус Йоханнис қол қоюы керек.