Сәуірде су басқан Орск қаласының әкімі отставкаға кетеді. Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер Орск қаласының мэрі Василий Козупицаның отставкаға кетуін қанағаттандырды, деп жазады Mediazona. «Василий Козупица Орск қалалық депутаттар кеңесіне мерзімінен бұрын отставкаға кету туралы өтініш жібереді, ол 10 шілдеде келесі отырыста қаралады», - делінген хабарламада.