Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы серіктестік туралы келісімге байланысты Ресей елшісін шақырды. Елші Георгий Зиновьевке Мәскеу мен Пхеньянның әскери ынтымақтастығы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзады және «аймақтағы жағдайға және Ресей-Корея қарым-қатынастарына теріс әсер етеді» деп айтылды.