Швеция Украинаға 4,6 миллиард крон (400 миллион еуро) көлемінде көмек жібереді. 17-ші әскери көмек пакетіне, сонымен қатар, Швециядан Украинаға бұрын жеткізілген әскери техникаға арналған оқ-дәрілер, сондай-ақ Gripen реактивті истребительдерінің бөлшектері кіреді. Бұл ұшақтарды Киевке беру туралы шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ Стокгольм «болашақта мұндай жеткізілімдерді жүзеге асырғысы келеді» деді Швеция қорғаныс министрі Пол Джонсон.