Столтенберг алдағы 10 жылда Украинаның НАТО-ға мүшелігіне үміттенеді. НАТО-ның қазіргі Бас хатшысы dpa агенттігіне берген сұхбатында Украинаның мүшелікке өтуіне үміт білдірді. 9-11 шілдеде Вашингтонда өтетін НАТО саммиті алдында Йенс Столтенберг Киевке әскери көмекті арттыруға шақырды. Бұл қолдау неғұрлым күшті болса, Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысы соғұрлым тез аяқталуы мүмкін, деді ол.