Испанияның шығысы мен оңтүстігінде 29 қазан күні кештен бері жауған нөсер жауын салдарынан кем дегенде 95 адам қаза тапқаннан кейін Испанияда үш күндік қаралы күн жарияланды. Апатты көлемдегі су тасқыны көптеген елді мекендерге жақындауды бұзып, тұрғындарды оқшау қалдырды. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Испанияға осы «драмалық жағдайда» «көмек беруге дайын» екенін мәлімдеді.