Phya Thai саяси партиясының кандидаты Пхетхонгтхан Чинават жұма күні Таиландтың жаңа премьер-министрі болып сайланды.Парламенттегі дауыс беру кезінде П.Чинават жаңа премьер-министр лауазымына жалғыз үміткер болды. Бұл аптаның басында Таиландтың Конституциялық соты этика кодексін бұзғаны үшін Сеттха Тхависинді премьер-министр қызметінен шеттеткен еді.