Ресей әскерилері Курск маңында Украина үшін соғысқан Ұлыбритания азаматын тұтқынға алды. Британдықтың есімі Джеймс Скот Рис Андрсен, деп жазады Ресей мемлекеттік агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап. Ер адамның жауап алу сәтінің видеосы ресейлік Telegram арналарында жарияланды. Онда ол 2019 жылдан 2023 жылға дейін британ армиясының сигналдық полкінде қызмет еткенін және ол жерден кеткеннен кейін «қаржы және отбасы мәселесіне байланысты» Украинаның шетелдік легионына қосылғанын айтады.