Еуроодақ 2023 жылдың қазан айынан бері Таяу Шығыстағы қақтығыста 130-ға жуық журналистің өлтірілгенін айыптады. Бұл туралы ЕО дипломатиясының басшысы Джозеп Боррелл X (бұрынғы Twitter) желісінде жазды. «Журналистер Таяу Шығыстағы қақтығыстардан ақпарат таратамыз деп өз өмірлерін құрбан етіп жатыр. Бүгін Израиль қорғаныс күштерінің Ливанға жасаған соққысынан үш адам қаза тапты. Газа секторында соңғы жылда 130-ға жуық журналист көз жұмған. Біз мұны айыптаймыз», - дейді ол.