Илон Маск Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванимен кездесті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кездесу 11 қарашада өткен. Онда Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленісті бәсеңдету жолдары талқыланды. Келіссөздер бір сағаттан астам уақытқа созылды және «жасырын жерде» өтті.