Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысы лауазымына Кэролайн Ливитттің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы АҚШ-тың сайланған президенті командасының 15 қарашада жарияланған мәлімдемесінде айтылған. 27 жастағы Нью-Гэмпшир тумасы бұған дейін Трамптың сайлауалды кампаниясының баспасөз хатшысы қызметін атқарған, сонымен қатар оның бұрынғы әкімшілігінде Ақ үйдің баспасөз қызметінің көмекшісі болып жұмыс істеген.