Трампқа дейін Байден Украинаға 6 миллиард доллар көмек бермекші. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан CBS Face the Nation бағдарламасында Джо Байден Киевке қалған соманы бөлумен қатар, болашақ президент Дональд Трампқа АҚШ-тың Украинаға қолдау көрсетуін тоқтату жаһандық қауіпке әкелетінін ескертетінін айтты.