Дональд Трамп ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғаннан кейін қызметіне кіріскен алғашқы АҚШ президенті болмақ. Маусым айында Нью-Йорктегі қазылар алқасы оны порноактрисаға төлемдерді жасыру үшін құжаттарды бұрмалағаны үшін кінәлі деп тапты. Саясаткер үкімге шағымданды, судья істі қарауды сайлау аяқталғанға қалдырды. Сарапшылар Трампты түрмеге жіберу екіталай деп есептейді, керісінше, оған айыппұл салынады немесе сынақ мерзімі беріледі.