ЦРУ басшысы Украина қарулы күштерінің Курск аймағындағы шабуылы маңызды тактикалық жетістік, деді. Украина қарулы күштерінің Курск аймағындағы шабуыл әрекеттері ресейлік армияның осал тұстарын әшкереледі, деп мәлімдеді АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Уильям Бернс Financial Times газетіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, Украина армиясының Ресей аумағына тереңдеп енуі – «маңызды тактикалық жетістік».