Түркия билігі БРИКС-ке қосылу туралы өтінішті бірнеше ай бұрын берген. Түркия осылайша әлемдегі ықпалын күшейтуге және дамушы елдермен байланысын кеңейтуге ұмтылады. Сонымен қатар, БРИКС-ке деген қызығушылық Еуропалық Одаққа кіруде ілгерілеудің болмауына және НАТО-дағы одақтастармен келіспеушіліктер аясында пайда болды. Президенті Режеп Тайып Ердоған Батыс геосаяси орталық ретіндегі позициясын жоғалтып жатыр және көпполярлы әлемнің түрлі ойыншыларымен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі деп санайды.