Түркияда жұма күні таңертең Технология және коммуникация кеңесінің шешімімен Instagram желісіне кіруге тыйым салынды. Түркияның Birgün басылымы мұндай шешімге әлеуметтік желінің Иранда палестиналық Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірі Исмаил Ханиенің қазасына байланысты көңіл айтуды бұғаттауы себеп болуы мүмкін деп жазды.