Түркияда жасөспірім пышақ және балтамен адамдарға шабуыл жасады. Түркия полициясы Эскишехир қаласында адамдарға пышақ пен балтамен шабуыл жасаған 18 жастағы жігітті ұстады. Оқиға Эскишехир Тепебашы мешітінің ауласында болған. Шабуыл салдарынан бес адам жараланып, жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер ауруханаға түскен екеуінің жағдайын ауыр деп бағалады.