Түркияның орталығындағы Ақсарай провинциясында қалааралық автобус аударылып қалды. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Ақсарай провинциясының губернаторы Мехмет Али Кумбузоглу атап өткендей, автобус апаты қаладан 25 шақырым жерде болған. Оның айтуынша, оқиға орнында тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар зардап шеккендердің кейбірінің мәйітін анықтап жатыр. Кейбір зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Медициналық көмекке мұқтаж барлық жолаушылар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.