Украина қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Курск облысындағы ілгерілегенін хабарлады. Суджада ресейлік әскерилерді «іздеу және жою» аяқталды, деді Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский ел президенті Владимир Зеленскийге. Сырскийдің айтуынша, соңғы тәулікте Украина қарулы күштері Ресей аймағына бір шақырымнан екі шақырым терең ілгерілеп, 100-ден астам ресейлік әскери қызметкерді тұтқынға алған.