Ресейдің Курск облысындағы қарсы шабуылы тоқтатылды, деп мәлімдеді Украина қарулы күштері. «Олар қапталдан шабуыл жасамақ болды, бірақ ол тоқтатылды», - деді AFP агенттігіне берген сұхбатында Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы қолбасшылығының баспасөз хатшысы Алексей Дмитрашковский. Ресей бұған дейін бірнеше ауылды украин әскерлерінен қайтарып алғанын мәлімдеген. Дмитрашковскийдің айтуынша, «жағдай тұрақтанды, бүгінде бәрі бақылауда, олар табысқа жеткен жоқ».