Politico хабарлағандай, Украина АҚШ-қа Ресей Федерациясындағы нысандардың тізімін бермекші. Басылым дереккөзге сілтеме жасап, Киев бұл тізімді «Вашингтонды Ресей аумағында америкалық қаруды қолдануға қойылған шектеулерді алып тастауға сендірудің соңғы әрекеті ретінде» пайдаланып отыр деп мәлімдейді.