Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды. Ақша Дүниежүзілік банк арқылы келді, деді Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль. Оның айтуынша, бұл қаражат мұғалімдердің, дәрігерлердің және құтқарушылардың жалақысы, әлеуметтік төлемдер сияқты «бюджеттің басым шығыстарын қаржыландыруға» көмектеседі.