Украина армиясы Курск облысындағы 100 елді мекенді басып алды. Бұл туралы Александр Сырский «Украина 2024. Тәуелсіздік» форумында айтып, 600-ге жуық ресейлік сарбаздың тұтқынға алынғанын айтты. Бас қолбасшының айтуынша, Украина қарулы күштері Курск облысының 1294 шаршы шақырымын бақылауда.