Украина қарулы күштері Курск облысындағы Сейм өзеніндегі көпірді қиратты. Ресейлік Telegram арналарының хабарлауынша, Глушководағы Сейм өзені арқылы өтетін жол көпіріне HIMARS қондырғысының зымырандары тиіп, содан кейін аралықтың бірі опырылып түскен. Көпірдің қирағанын облыс әкімінің міндетін атқарушы Алексей Смирнов әлеуметтік желіде де растады.