Украина қарулы күштері оккупацияланған Курск облысының аумағында «қауіпсіздік аймағын» құруда. «Украинаның шекаралас аймақтарын қорғау үшін қорғаныс күштері Ресей Федерациясының аумағында Украина аумағына іргелес қауіпсіздік аймағын құруда», - деп жазды премьер-министрдің орынбасары Ирина Верещук өзінің Telegram-каналында. Верещук «қауіпсіздік аймағында» қалған ресейлік бейбіт тұрғындар үшін «Ресейге де, Украинаға да» гуманитарлық дәліздер ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.