Украина ресейлік мұнайдың Венгрияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы жеткізілуіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто Нью-Йоркте ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуінен кейін айтты, деп хабарлайды Bloomberg. «Достыққа» тосқауыл қою Украинаның Ресейге қарсы санкцияларын қатайтуымен байланысты, деп түсіндірді венгр министрі.