Украинада Орыс православие шіркеуіне қатысы бар діни ұйымдарға тыйым салынды. Заңды Жоғарғы Рада екінші оқылымда қабылдады. 265 депутат қолдап, 29-ы қарсы дауыс берген. Заң елде Орыс православие шіркеуінің қызметіне дереу тыйым салуды қарастырады. Сонымен бірге Орыс православ шіркеуімен ынтымақтасады деген күдікке ілінген украин шіркеулеріне бұл байланыстарды үзу үшін 9 ай уақыт беріледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда діни ұйымның қызметі сот тәртібімен тоқтатылуы мүмкін.