Украина қарулы күштерінің Севастопольге жасаған соққысы салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Ресей тағайындаған қала «губернаторы» Михаил Развожаев өзінің Telegram-каналында хабарлады. Қайтыс болғандардың бірі екі жасар бала. Тағы 22 адам көмек сұраған.