Тұманды Альбион Еуроодақ елдерімен қайтадан тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Брекситтен кейін қош айтысқан Лондон көршілерімен экономика, қорғаныс және қауіпсіздік бағыттары бойынша біріге әрекет етпек. Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Кир Стармер Германия және Францияға іссапармен барып, әріптестерімен кездесті. Тараптар қандай мәмілеге келді және аралары суып қалған мемлекеттер байланыстарын қайта нығайта ала ма? Кир Стармер премьер-министр қызметіндегі алғашқы ресми сапарын Берлин мен Парижден бастады. Лейбористер сайлауда жеңіске жеткен кезде-ақ мұны алдын ала болжау мүмкін еді. Бірақ кездесулердің мазмұны мен нақты мақсаты белгісіз болды. Ал енді Стармердің Германия және Франция мемлекеттерінің басшыларымен не үшін кездескені, басқосулардың мақсаты мен мазмұны айқындалды.