Ұлыбритания үкіметі зейнеткерлерді әлеуметтік көмектен айырды. Қыс мезгілінде жылуға деп беріліп келген жәрдемақы енді төленбейді, Қаржылай қолдау тек өте кедей егде жастағыларға көрсетіледі. Өйткені қазынада ақша жоқ. Бюджет шығыстары 22 миллиард фунт стерлингке артық жұмсалған. Бұл бұрынғы биліктің қаржыны жөнді жоспарлай алмауынан, дейді жаңа үкімет мүшелері.