Ұлыбританиядағы тәртіпсіздіктер: 90-нан астам адам қамауға алынды. Халл, Ливерпуль, Бристоль, Манчестер, Сток-он-Трент, Блэкпул және Белфаст қалаларында әсіре оңшылдар ұйымдастырған мигранттарға қарсы ірі шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Олар дүкендерді талқандап, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады, соның салдарынан тұтқындаулар болды. Бірқатар кішігірім оқиға зорлық-зомбылықсыз өтті.