Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен «Борис» циклонынан зардап шеккен мүше мемлекеттерді қолдау үшін 10 млрд еуро бөлуге келісті. Бұл туралы ол Польшаның Вроцлав қаласына сапары кезінде айтты. Орталық және Шығыс Еуропада соңғы күндері «Борис» циклонынан жауған нөсер жаңбыр су тасқынына әкелді. Польшаның ең ірі қалаларының бірі Вроцлав та табиғат апатына тап болды. Польша, Чехия, Аустрия және Словакия үкіметтерінің басшылары осы қалада У.Ляйенмен кездесіп, Еуропалық комиссияның көмегін талқылады.