Венада Тейлор Свифттің концерті лаңкестік әрекет қаупіне байланысты тоқтатылды. Екі күдікті қамауға алынды. «Бәрінің қауіпсіздігі үшін, жоспарланған үш концертті тоқтатудан басқа амалымыз жоқ», - деді шоуды ұйымдастырушы Barracuda Music мәлімдемесінде. Америкалық поп-жұлдыздың Венадағы Эрнст Хаппель стадионында үш концерті жоспарланған болатын. Оның біріншісі 8 тамызда. Әр шоуға 60 мыңға жуық билет сатылды. Ұйымдастырушы билеттің ақшасын он жұмыс күні ішінде қайтаруға уәде берді.