Венесуэла соты Бас прокуратураның Құрама Штаттардың Буэнос-Айресте орналасқан Emtrasur ұшағын тәркілеу ісі бойынша Аргентина президенті Хавьер Милейді қамауға алу ордерін беру туралы өтінішін қанағаттандырды. «Каракастың бірінші деңгейлі соты Бас прокуратураның азамат Хавьер Милейге қатысты тергеу жүріп жатуына байланысты оның бас бостандығын шектеу жөніндегі шара қабылдау жөніндегі ұсынымын мақұлдады»,- делінген Жоғарғы сот жариялаған қаулыда.