Венесуэланың Жоғарғы соты президенттік сайлаудың өтуіне қарсы шағымды қараудан бас тартты. Жоғарғы сот алқасы ел билеушісі Николас Мад уроның қайта сайлануын заңды деп таныды. Сот оппозицияның шілдеде өткен президент сайлауындағы заң бұзушылықтар туралы шағымын «қабылданбайтын» деп бағалаған. Оппозиция Венесуэладағы сайлаудың өткізілуіне қарсы оның нәтижелері жарияланғаннан кейін бірден шағым түсірді, бірақ Ұлттық сайлау кеңесі ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.