Венгрия премьер-министрі Мәскеуге барады. Виктор Орбан мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі 5 шілдеде өтеді деп күтілуде, деп жазады «Азаттық» радиосының венгр редакциясы. Орбанды Украинадағы ауқымды соғыс басталғаннан бері Ресейге бес реттен астам сапармен келген Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто ертіп келеді.