Зеленский Брюссельде өтетін НАТО отырысына қатысады. Альянстың жаңа бас хатшысы Марк Рютте Украина президентін 17 қазанда НАТО штаб-пәтерінде қабылдайды, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы. Альянс елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді, онда Зеленскийдің «жеңіс жоспары», оның ішінде Украинаның НАТО-ға кіруін қарастыратыны талқыланады деп күтілуде.